Олимпиада күнделігі
Швейцариялық Дарио Колонья 30 шақырымдық скиатлон жарысында топ жарды. Сөйтіп, ол Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанды. Ол соңғы сәтте қарсыластарын шаң қаптырып, мәре сызығын 1 сағат 8 минут 15 секундта кесті. Екінші орынды швециялық Маркус Хельмер иеленсе, үздік үштікті Мартин Йонсу Сюндбю түйіндеді. Қазақстандықтардан Алексей Полторанин 16-шы нәтиже көрсетсе, Евгений Величко 32-ші, Сергей Черепанов 49-шы, Марк Старостин 56-шы орыннан көрінді.
Сочи Олимпиадасында ерлер арасында тау шаңғысы спортынан жарыс аяқталды. 50 спортшы жарысқа түскен бәсекеде Маттиас Майер жеңімпаз атанды. Австриялық спортшы мәреге 2 минут, 6,23 секундте жетті. Тұғырдың екінші сатысына көтерілген италиялық Кристоф Иннерхофер чемпионға +0,06 секунд есе жіберді. «Қола» норвегиялық Кьетиля Янсрудқа бұйырды. Қазақ елінің намысын қорғаған Игорь Закурьдаев 33-ші, Мартин Хубер 42-ші, Дмитрий Кошкин 43-ші нәтиже көрсетті.
Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Олимпиадада жарысын аяқтады. Могул бағдарламасында сынға түскен 21 жастағы жерлесіміз финалдық бәсекелердің екінші кезеңінде жетінші орынмен шектеліп, жүлделі орындар үшін таласқа түсуге мүмкіндік беретін шешуші кезеңге өте алмады.
Шаңғымен тұғырдан секірушілер іріктеу бәсекесін өткізді. Келесі кезең жолдамаларын 61 спортшы сарапқа салды. Өкінішке қарай, қазақстандықтар Алексей Пчелинцев пен Марат Жапаров тәуір нәтиже көрсете алмады. Олар 46-шы және 49-шы орынды місе тұтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qazaqstan Barysy Grand Slam: Ел намысын 53 палуан қорғайды
04.05.2026, 17:27
«Жетісу» волейбол командасына 25 жыл
04.05.2026, 17:25
Астана үстел теннисінен әлем чемпионатына дайын
04.05.2026, 17:22
Сарапшылар әскери-патриоттық тәрбиені талқылады
04.05.2026, 17:20
Қармақшы ауданының диқандары су көп ішпейтін дақылдарды еге бастады
04.05.2026, 17:18
Ақтөбе облысында шегіртке улау басталады
04.05.2026, 17:15
Ереванда Еуропа саяси қауымдастығының саммиті басталды
04.05.2026, 17:13
АҚШ Ормұз бұғазындағы кемелерге көмектесетіндерін мәлімдеді
04.05.2026, 17:10