Ерлан Қарин Президент Жолдауын іске асырудың үш негізгі міндетін атады
Вице-Президент Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың үш негізгі міндетін атады. Олар – стратегиялық жоспарларды уақытылы әзірлеу, Президент бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Бұл туралы Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысқан идеологиялық кеңесте айтылды. Жиында «Мемлекет басшысының бастамасы миллиондаған азаматтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Сондықтан Президент тапсырмаларының едәуір бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға және оның қолжетімділігін қамтамасыз етуге, ең төменгі жалақыны арттыруға, инфляциямен күресуге, әділ салық саясатын жүргізуге, шағын және орта бизнесті, мұғалімдер мен медицина қызметкерлерін қолдауға, инклюзивті дамуды қамтамасыз етуге бағдарланған. Инфрақұрылымды ауқымды жаңарту бағдарламасының Жолдауда «Халықтық құрылыс» деп аталуы кездейсоқ емес. Өйткені барлық нысан халықтың және келер ұрпақтың игілігіне қызмет етеді», - деді Ерлан Қарин. Кеңес қорытындысында Вице-Президент мемлекеттік органдарды Президент тапсырмаларын сапалы әрі үйлесімді орындауға шақырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы