Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы жол сапасына жауаптыларды сынады

Мемлекет басшысы жол сапасына жауаптыларды сынады

Президент сапасыз жолдардың мәселесін шешудің орнына жауапкершілікті бір-біріне сілтеген шенеуніктерді сынға алды. Бұдан былай ел аумағындағы жолдардың барлығына көлік министрлігі жауапты болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз Қазақстанның барлық аймағын байланыстыратын, яғни, еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтетін заманауи, өте дамыған теміржол және көлік жолдарының тұтас желісін құруымыз керек. Бұл – стратегиялық міндет. Еліміз арқылы тасымалданатын жүк көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Демек біздің алдымызда жол инфрақұрылымын жақсарта түсу міндеті әлі де тұр. Бұл әсіресе, солтүстік аймақтарға қатысты өзекті мәселе. Сондықтан ендігі кезекте «Көкшетау – Петропавл» тас жолын кеңейту ісіне кірісу керек.

Бөлісу