Басты Жаңалықтар Президент: Мемлекеттік көмек мұқтаж адамдарға ғана берілуі тиіс

Президент: Мемлекеттік көмек мұқтаж адамдарға ғана берілуі тиіс

Мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуі тиіс. Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі – осы. Бұл туралы мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында айтты. Президенттің сөзінше, бұл салада өзекті мәселелер аз емес, соған байланысты Үкімет өз ұсынысын, шешімдерін беруі тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазір қоғамда осы мәселелер бойынша қызу талқы жүріп жатыр. Азаматтар өздерін алаңдатқан мәселелерді ашық айтуда. Сондықтан бұл күрделі мәселені «өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай», байыппен, салмақты көзқараспен шешу қажет. Артық қыламын деп, тыртық қылуға мүлдем болмайды. Әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдерін, соған қатысты ақпараттық жүйелердің қызметін алдын ала мұқият тексерістен өткізу қажет. Ең дұрысы, ондай жобаларды әуелі пилоттық режимде іске қосып, тиімділігі расталған соң ғана кең ауқымда қолдану керек. Түптеп келгенде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз – азаматтарды әлеуметтік төлемдерге тәуелді ету емес, бұл ең алдымен, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру деген сөз.

Бөлісу