Басты Жаңалықтар Марин Ле Пен президенттік сайлауға қатыспақшы

Марин Ле Пен президенттік сайлауға қатыспақшы

Францияда әсіре оңшылдар лидері Марин Ле Пен келесі жылы президенттік сайлауға түсетінін жариялады. Оның үгіт-насихат науқаны тәртіп орнату мен ұлттық сенім туралы уәделерден басталды. Тағы бір сөзінде ұлтшылдар жетекшісі өзін күшейіп келе жатқан әлеуметтік, экономикалық және қауіпсіздік дағдарыстарын еңсере алатын үміткер деп атады.

Сонымен қатар Ле Пен иммиграциялық саясатты қатаңдатып, қылмыс жасаған шетелдіктерді автоматты түрде депортациялау қажеттігін атап өтті және де ол Францияны Еуропа одағынан шығару мәселесін көтермесе де, Брюссельдің елге ықпалын шектеп, шекара мен заң шығару ісіне бақылауды қайтарып, ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоюға сөз берді.

Айта кетсек, Францияда президент сайлауы келер жылы сәуір-мамыр айларында өтеді.

Бөлісу