Басты Жаңалықтар Алаяқтар жеке деректерді ұрлаудың тағы бір түрін шығарды

Алаяқтар жеке деректерді ұрлаудың тағы бір түрін шығарды

Қазақстандықтардың 5 миллион теңгеге дейінгі несиесі мен айыппұлын өшіреміз деген видеолар тарай бастады. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы күдікті сілтемелерден фишинг белгілерін анықтады. Алаяқтар мемлекеттік рәміздерді пайдаланып, азаматтарды жалған сайт арқылы Telegram-ға өтуге шақырады. Ал аккаунтқа кіруді растаған адамның деректері өзгелердің қолына өтеді. Мамандар күмәнді сілтемелерге өтпеуге, ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеруге кеңес береді.

Бөлісу