Ресей Украинаға беретін қаржының екінші бөлігін аударған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Украинаға беретін қаржының екінші бөлігін аударған жоқ

09.02.2014
Ресей Украинаға беретін қаржының екінші бөлігін аударған жоқ

Соңғы бірнеше айдан бері Ресей мен Украина президенттері бірнеше мәрте кездесті. Ресей тарапы әзірге Украинаға қаржылай көмектің екінші траншын аударған жоқ.

Ресейлік қаржы министрлігінің басшысы Антон Силуановтың сөзіне қарағанда, Мәскеу Киев тарапының Ресей газы үшін төлемдерді орындауы бойынша міндеттерді жүзеге асыруын күтіп отыр.

«Біз газ үшін Украина тарапының есеп айырысу талаптарын орындауын күтудеміз. Ондағы қаржы сомасы аз емес. Қаңтар айының соңында төлем жасалуы тиіс еді, алайда осы жұмыстар атқарылған жоқ. Бұл тұрғыда тараптардың осы міндеттерді бірге орындағаны дұрыс болар еді»,-деді министр.

Бастапқы келісімге сай, Украинаға бағытталатын 15 млрд. доллар көлеміндегі қаржылай көмекті биылдың мамырына дейін толықтай аудару көзделген болатын. Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, ақпанның басындағы жағдай бойынша Украинаның газға деген қарызы 3,4 млрд. долларға жуық қаржыны құрап отыр.

Хабарламаларға жазылу