Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысының атынан белсенді азаматтар марапатталды

Мемлекет басшысының атынан белсенді азаматтар марапатталды

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының атынан белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық-саяси саладағы жемісті еңбегі үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Осы күні Халық Кеңесі жанынан құрылған «Бірлік» қоғамдық тобының алғашқы отырысы да өтті. Бұл алаң конституциялық органның құрамына енбеген, еліміздің барлық өңіріндегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерін біріктірген. Қауымдастық ұлтаралық келісімді сақтауға, қоғамдық топ өкілдерін жалпыұлттық мәселелерді талқылау үдерісіне белсендірек тартуға мүмкіндік береді.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы:

Бірлік дегеніміз – әртүрлі бола отырып, бір-біріміздің тарихымызды құрметтеу және еліміздің болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну. Бұл бірлікті одан әрі нығайтып, еліміздің ынтымағын арттыру үшін ортақ адамгершілік құндылықтарға сүйену маңызды.

Бөлісу