Сочи Олимпиадасында әйелдер арасында 15 шақырымдық скиатлон жарысы басталды. Бұл бәсекеге 61 спортшы қатысуда. Оның ішінде қазақстандық үш шаңғышы бар. Олар - Елена Коломина, Татьяна Осипова және Анастасия Слонова.
Шаңғышылар 7,5 шақырымды классикалық стильде, 7,5 шақырымды еркін стильде жүріп өтеді.