Басты Жаңалықтар Президент: Трамптың суперинтеллект туралы келісімі жаһандық үлгі болуы мүмкін

Президент: Трамптың суперинтеллект туралы келісімі жаһандық үлгі болуы мүмкін

Трамп бастамасымен жасалған суперинтеллект жөніндегі келісім жаһандық деңгейде қабылдауға болатын үлгіге айналуы мүмкін. Астанада өтіп жатқан AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында Мемлекет басшысы осылай деді. Президенттің айтуынша, мүдделі елдер осы тәсілді үлгі ретінде қарастырып, мұқият зерделеген соң жаһандық деңгейде қолдануға болады. Бүгінде Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев аталған бағыттағы жетістіктерімізге тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Өткен жылы қазақстандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты. Цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді. Бұл қадамдар мен жетістіктер еліміздегі және әлемдегі прогреске үлес қосуға Қазақстанның да ниетті екенін көрсетеді. Дегенмен озық технология саласындағы бұл жетістіктермен шектеліп қалуға болмайды. Біз еліміздің мықты технологиялық негізін қалыптастырамыз десек, инновациялық стартап-компанияларға нақты қолдау көрсетіп, озық жобаларды жүзеге асыруымыз керек.

Бұл ретте Президент өнеркәсіп саласы бойынша жасанды интеллект міндеттерінің тізімін жасау маңызды деп санайды. Аталған тізім нақты экономикалық қажеттіліктерге негізделуге тиіс. Осы тізімге сүйене отырып, Президент Қазақстан мен шетелден келген командалардың қатысуымен AI Challenge ұйымдастыруды ұсынды. Оң нәтиже көрсеткен үздік жобалар міндетті түрде өндіріске енгізіледі.

Бөлісу