Басты Жаңалықтар Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді

Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді

Ресейде мутацияға ұшыраған вирус көбейді. Күзгі-қысқы маусым кезінде вирустық инфекцияларды жұқтырғандардың да саны артып отыр. Осы күнде инфекциялық  ауруханалардың 75 пайызы науқастарға толы. Сондықтан халықтың 60 пайызы, ал, жұқпалы аурудың қауіпті түріне шалдыққан азаматтардың кемінде 75 пайызы вакцина салдыруы тиіс. Кей өңірлерде егде жастағы адамдарға бірқатар вирусқа қарсы екпе салу міндеттелді. Сонымен қатар, дәрігерлер халық көп шоғырланатын жерлерде маска тағу керектігін ескертеді.

Александр Арутюнов, дәрігер:

Қазіргі таңда вакцина бәріне қолжетімді. Елімізде он екі жылдан бері оннан астам түрі шығарылған. Мутацияға ұшыраған вирустар көбейе береді. Сондықтан екпе егу маңызды. Жалпы Ресейде вирус түрлі мутацияға ұшырауда.

Бөлісу