Басты Жаңалықтар ЖРВИ жұқтырған адамдар 760 мыңнан асты

ЖРВИ жұқтырған адамдар 760 мыңнан асты

ЖРВИ жұқтырғандар саны 760 мыңнан асты. Олардың басым бөлігі яғни 66%-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлімдеді. Инфекцияның таралуы жағынан Астана қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы және Абай облыстары көш бастап тұр. Сондықтан ауруханаларда 700 мыңнан астам төсек-орын дайындалған. Егер науқас саны 85%-ға дейін артса, қосымша 400 мың  резервтік төсек-орын қарастырылған. «Жағдай жіті бақылауда», - деді жауапты ведомство. Сондай-ақ елде шошқа тұмауының 5 фактісі тіркелді.

Жасұлан Алпысбаев, ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:

Жалпы елімізде жыл сайын тұмаудың шамамен 2 мың жағдайы тіркеледі. Ал бүгінгі таңда қыркүйектен бері 5 жағдай ғана тіркелді. Үшеуі – Астанада, екеуі – Маңғыстау облысында. Тұмаудың ең негізгі профилактикасы – вакцина. 2 млн 100 дозасы сатып алынды. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлеріне жеткізілді. Қазір 570 мыңнан астам халық егілді тұмауға қарсы.

Мектептер мен балабақшаларда бір топта ауырғандар саны 20-ға жуықтаса, олар сынып ауыстырмай, бір кабинетте оқуға міндеттеледі. Ал егер сыныпта 20-дан жоғары вирустық жағдай тіркелсе, балалар қашықтан білім ала бастайды. Айта кетейік, қазір министрліктің тапсырмасымен барлық білім ошақтарында фильтр кабинеттері іске қосылған.

Бөлісу