Басты Жаңалықтар Халық кеңесінің жұмысы бірнше бағытта ұйымдастырылды

Халық кеңесінің жұмысы бірнше бағытта ұйымдастырылды

Елдегі саяси жаңғырудың жаңа кезеңінде Халық Кеңесіне жүктелетін міндет те, қоғам алдындағы жауапкершілік те зор. Бұл институт халықтың үнін билікке жеткізіп, ел ішіндегі өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік беруге тиіс. Кеңестің жұмысы бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылып, нақты комиссиялар құрылды. Енді осы комиссиялар аясында түрлі сала өкілдері мен азаматтар ортақ іске жұмылады. Басты мақсат – қоғамның сұранысын жинақтап қана қоймай, оны нақты ұсыныс етіп, шешімін табуына ықпал ету.

Геннадий Шиповских, Халық кеңесінің мүшесі:

Жұмысты үйлестіруге, ұйымдастыруға байланысты үлкен жиналыс болған болатын. Жиналыстың барысында нақты комиссиялар айқындаған болатынбыз. Сол комиссиялардың төңірегінде біздің басқа да азаматтарымыз жұмыс істейтін болады. Халықты қабылдау мүмкіндігіне де ие болып отыр.  Бір сөзбен айтатын болсақ, Құрылтай мен Халық Кеңесі біздің еліміздің саяси институтарының арасында бірін-бірі толықтырып отыратын, институттар болады.

Бөлісу