Басты Жаңалықтар Қарақұрт шаққан бала сауығып келеді

Қарақұрт шаққан бала сауығып келеді

Маңғыстауда қарақұрт шаққан екі жарым жастағы бала сауығып келеді. Оқиға Маңғыстау ауданында болған. Улы жәндік шаққан бала санитариялық авиация арқылы дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Тыныс алуы қиындап, ес-түссіз жатқан бүлдіршінді дәрігерлер жасанды тыныс алу аппаратына қосыпты. Сонымен қатар қарақұрт уына қарсы сарысу екі рет салынған. Нәтижесінде жансақтау бөлімінде 10 күндей жатқан бала ауруханадан шығарылды. 

Мереке Бекбаев, Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі:

Ем барысында қарақұртқа қарсы сарысуын екі рет енгізген болатынбыз. Соның нәтижесінде науқасты бесінші және алтыншы тәуліктерге қарағанда жағдайының жақсаруы, есін жиуы белгілері анықталды. Қазіргі таңда науқас есін толыққанды жиып, қазіргі таңда үйіне шығарылды.

Бөлісу