Алматы облысында жарамсыз автобустарды сатып жатыр
Алматы облысының Іле ауданында техникалық талаптарға сай келмейтін автобустар сатылымға шығарылды. 2022 жылы Алматы қаласының балансынан ауданның коммуналдық меншігіне берілген 300 қоғамдық көліктің 258-і жарамсыз деп танылған. Оның басым бөлігі сатылып кетсе, 42-сі жөндеуден кейін аудан ішінде жолаушылар тасымалдауға пайдаланылған. Ал қалған 14 автобус электронды аукцион арқылы саудаланбақ. Бүгінге дейін 216 көлікті сатудан бюджетке 53 миллион теңгеге жуық қаржы түскен. Мамандардың айтуынша, саудаға қойылатын әрбір автобустың нарықтық құны алдын ала бағаланады.
Жандос Исаев, Іле аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы:
Сатылу – енді өздеріңізге белгілі бағаның көтерілуімен қойылады. Ол көтеріммен өтпеген жағдайда төмендетумен қойылады. Аукциондық системамен, Е-Қазына деген веп портал арқылы сатылады. Тұрғын үй шаруашылығы сатудың алдында бағасын шығарады. Яғни нарықтық бағасын шығарады. Содан кейін біз аукционға саламыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы