Басты Жаңалықтар Қазақстан экономикасы жарты жылда 4,1 пайызға өсті

Қазақстан экономикасы жарты жылда 4,1 пайызға өсті

Қазақстан экономикасы биыл алты айда 4,1 пайызға өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар мен маусым аралығында жалпы ішкі өнім көлемі 71 триллион теңгеден асқан. Өңірлер арасында экономикалық өсім қарқыны бойынша Ұлытау облысы көш бастап тұр. Мұнда жалпы өңірлік өнім 15,3 пайызға артқан. Одан кейін тізімде Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бұл өңірлерде өсім – 13%-11%  көлемінде. Ел экономикасындағы үлесі ең жоғары өңір – Алматы қаласы. Мегаполис жалпы ішкі өнімнің 20,2 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Екінші орында 12,5 пайыздық үлеспен Астана қаласы, үшінші орында 11,7 пайызбен Атырау облысы тұр.

Бөлісу