«Оқырман ұрпақ» кітап оқу қозғалысы құрылды
Түркістанда кітап оқу қозғалысы құрылды. Мұнда жастар кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, әдебиетке қызығушылығын арттыра алады. «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалы Жастар қанатының бастамасымен қолға алынған жоба «Бір ай – бір кітап – бір кездесу» бағыты аясында жүзеге асырылды. Қозғалысқа мүше жастар алғашқы басқосуын Ыбырай Алтынсарин атындағы кітапханада өткізіп, өздерінің кітап оқу туралы ойларын ортаға салды. Жүздесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта көркем және танымдық әдебиетке қызығушылықты арттыру және тұрақты оқырман ортасын қалыптастыру бағытында бірлесіп жұмыс атқару жоспары жасалды. Соған сәйкес түрлі авторлардың шығармашылықтарына арналған кездесулер, пікірсайыстар, әдеби кештер және түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастыратын болды.
Әйгерім Асқар, «Жаңа толқын» клубының жетекшісі:
Жастардың қазіргі кітапқа ұмтылысы, ктап оқуы, әдеби шараларға қатысуы болашағымыздың көркеюіне көмегін беретін үлкен іс деп ойлаймын. Жастар еңбегі мен тек ақылына сенетін заман. Оқып, тек қана әдеби жерлерде жүрсе, болашағымыз жақсы болады деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы