Сарапшы: Конституцияда ұлттық ерекшелік пен әлемдік тәжірибе үйлесім тапқан
Еліміздегі саяси реформа барысында ұлттық ерекшелік пен халықаралық тәжірибе барынша ескерілген. Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры Сунь Чжуанчжи осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, Конституция - ел дамуына құқықтық негіз бола алатын басты құжат. Оның ішінде мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру аса маңызды қадам.
Сунь Чжуанчжи, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының директоры:
Реформаны жүзеге асыру кезеңінде уақыт аса маңызды. Қазіргі халықаралық жағдай өте құбылып тұр. Әсіресе Орталық Азия аймағындағы геосаяси ахуал өзгеріп келеді. Осындай кезеңде конституциялық реформаны жүргізу мемлекет дамуының жаңа белесіне өтуге берік құқықтық негіз болады. Бұл басталған өзгерістерді жүйелі түрде жалғастырып, елдің болашақ дамуын айқындауға жағдай жасайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы