Ұлыбританияның ыдырауы мүмкін бе?
Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландиядағы жетекші партиялардың көшбасшылары Ұлыбритания құрамынан шығу туралы бастама көтерді. Өйткені олар халқының болашағын Еуропалық Одақпен байланыстырғысы келеді. Бірақ бұл оңайлықпен шешіле қоя ма? Тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенова баяндап берсін.
Ұлыбритания құрамына 4 ел кіреді. Олар: Англия,
Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия. Англиядан басқаларының бәрі өз
еншісін алып, патшалық құрамынан шыққысы келіп отыр.
Халыққа өз тағдырын өзі шеше алатындай құқық беру керек. Бүгінгі келіссөздеріміздің басты қағидасы осы.
Тараптар экономика және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға уәделесіп, өздерін Еуропалық одақ құрамында көргісі келетіндерін айтады.
Мишель О’нилл, Солтүстік Ирландияның бірінші министрі:
Біз, сөзсіз, үлкен өзгерістер кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Ұлыбританияның премьер-министрі не десе де тарихи үдерісті тоқтата алмайды.
Даунинг стриттің ресми өкілі үкімет басшысының конституциялық мәселелерді талқылаудан гөрі қымбатшылықтан туындаған дағдарысты еңсеруге басымдық беріп отырғанын мәлімдеді. Сарапшылар болса, бұл бастаманың тигізер әсері мардымсыз дейді.
Никола Макьюэн, Глазго университеті мемлекеттік саясат орталығының директоры:
Бұл кездесудің символдық мәні болғанымен, оның заңдық күші жоқ. Бірақ 3 саяси қозғалыстың тұрақты ынтымақтастығы Ұлыбритания үкіметіне ықпалын күшейтуі мүмкін.
Шотландияның тәуелсіздігі туралы референдум 2014 жылы өтіп, дауыс бергендердің 55 пайызы Ұлыбритания құрамында қаламыз, деп шешті. Бұдан кейін де Шотландия ұлттық партиясы бірнеше рет референдум өткізуді талап етті. Бірақ ресми Лондон қарсылық білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы