Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты. Ол кванттық физиканы қолданып зағиптықты ерте кезеңде анықтайтын құрылғы жасап шығарды. Оның бұл жаңалығы әлем ғалымдарының назарын аударып отыр. Қазір Мұхит Құлмағанбетов жобасын Қытайда жетілдіру үстінде. Тілшіміз Әйгерім Ермұханқызы әңгімелейді.
Зағиптықтың алдын алу тәсілін тапқан қазақ дәрігері Мұхит Құлмағанбетов. Офтальмология
саласында тұңғыш рет кванттық физиканы енгізген ғалым. Қазір Гонконгта бірнеше
ғылыми жобаны жүзеге асырып жатыр.
Солардың бірі көз түбі зақымдануын ерте кезеңде анықтайтын құрылғы. Макулярлы
дегенерация деген бұл дертпен дүниежүзінде 300 миллионнан астам адам ауырады.
Мұхит оны ерте кезеңде анықтау үшін арнайы құрылғы ойлап тапқан. Бүгінде
әлемнің үздік ғалымдарымен бірге жаңа жобаны жетілдіріп келеді.
Мұхит Құлмағанбетов, офтальмолог:
Бұл жерде біз екі түрлі жарық сәулелерін пайдаланамыз. Біреуі поляризацияланған, екіншісі поляризацияланбаған. Екеуі мына бимспектрда кездеседі да оны суперпозция дейміз. Ары қарай мына фильтр, сосын айрис арқылы өтіп сәуленің фазасын өзгертеміз да мына линза арқылы адамның көзіне жібереміз және осы жарықты көрген адам макулярлы дегенерациясы жоқ деген сөз, ал егер көре алмаса, макулярлы дегенерацияның ерте кезеңі басталған дегенді білдіреді. Осы жүйені біз аламыз да қысқартып міне мынандай ретінде құрастырамыз. Осының жақында патентін алдық.
Қазір жоба Гонконг пен Канада клиникаларында сынақтан өткізіліп жатыр. Қазақ
баласының кванттық технологиясы алғашқы жемісін бере бастады. Жаңа құрылғымен
тәжірибе ретінде 200 адамның көз жанары тексерілді.
Ғалым-дәрігер бірнеше жыл бойы Гонконгте бір жобаның соңында жүрмепті. Жеке
зерттеу жасап кванттық физиканың тағы бір мүмкіндігін ашты. Ол миопия дертін
анықтап түбегейлі емдеудің амалын тапқан. Қазір алыстан көрмеушілікті
тоқтататын құрылғыны өзі құрастырып жатыр. Бірақ әлі патентелмепті.
Мұхит Құлмағанбетов, офтальмолог:
Кванттық оптиканы пайдалана отырып осы жақында жаңа идея туды. Сол жүйені құрастырып жануарларға эксперимент жасап көрдім. Қорытындысы өте жақсы шықты. Технологиялық детальдарымен бөлісе алмаймын. Оның жүйесін жартылай құрастырып қойдық. Сіздің артыңызда жатыр. Әрі қарай оның сыртқы келбетін және бірінші эксперименттерімізді бастасақ клиникалық ол да қол жетімді болуы мүмкін. Оның бір жақсы жері тек қана диагностика емес, ол емге арналған.
Бұл
жаңалық ғылымда төңкеріс жасады деуге болады. Дүниежүзіне таралып қазір АҚШ,
Еуропа, Қытай, Канада, Жапония елдерінен түрлі ұсыныстар түсуде.
Цисуань Лин, көз және көру ғылыми орталығының докторы /Гонконг/:
Бұл бұрын-соңды болмаған жаңалық. Әлемде макулярлық дегенерация дертін ешкім емдей алмайды. Адамдар күні бүгінге дейін көз ауруының бұл түріне шалдыққанын кеш біліп жүр. Ал мына жаңа технология медицинаға тың серпіліс беріп отыр. Клиникалық зерттеулер сәтті аяқталса, бұл нағыз құнды құрылғыға айналады.
Бірақ
ғалым Құлмағанбетовтың өз жоспары бар. Жуырда Астанадан офтальмологиялық
орталық ашып, клиникалық бағытпен қатар ғылыми инновациялық жобаларды да жүзеге
асыруды көздеп отыр.
Автор
Әйгерім Ермұханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05