Басты Жаңалықтар Елімізде 62 мыңнан аса азамат банкрот деп танылды

Елімізде 62 мыңнан аса азамат банкрот деп танылды

Елімізде жеке тұлғалардың банкроттығы жайлы заң күшіне енген күннен бастап 378 мыңнан астам өтініш берілген. Бірақ олардың 73 пайызға жуығы талапқа сәйкес келмегендіктен қабылданбады. Ал 62 мыңнан астам азамат банкрот деп танылып, 230,9 млрд теңге көлеміндегі борыш есептен шығарылған. Банкроттық құқығын пайдаланғандардың арасында 1200 зейнеткер бар. Павлодарда төлемге қабілетсіз болып қалған 3361 азаматтың борыш жүктемесі алынып тасталды.

Өңірде қаржылық міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайға тап болғандардың көпшілігі кәсіпкер немесе бюджеттік мекеме қызметкерлері емес, жұмыскерлер.
Ерсін Харифоллин, Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:
Көбінесе банкротқа жұмыскерлер, үлкен кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдар, көбі отбасылы. Олардың қаржылық біліктілігі аз болғандықтан, несиені ала бергендіктен, осындай жағдайға тап болып тұр.
Банкроттық туралы заңнама жұмыс істей бастағалы үш жылдан асты. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап рәсімдер жеңілдеген. Мәселен, ломбардтар соттан тыс банкроттық кезінде кредиторлар қатарынан шығарылады, бұл азаматтардың көпшілігіне рәсімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек енді азаматтар борышы 1600 АЕК-тен аспаса және мерзімді қарызын қайтаруды 5 жылдан астам уақытқа кешіктірген болса, мәселелерін бұрынғыдай 6 ай ішінде емес, 1 айда шеше алады. Дерекке қарағанда 350 мыңнан астам адам осы талаптарға сәйкес келеді екен.


Бөлісу