Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы!
Финалға мықты теннисші беларусь Арина Соболенкомен шықты. Негізі, финал нәтижесіне қарамастан, Рыбакина ертеңнен бастап әлемнің бірінші ракеткасы. Ал US Open-де жеңімпаз атанып, бірінші орынға шыққаны күшті болды! Осы жеңісі үшін Елена Рыбакина 5,5 млн доллар сыйақы иеленді.
Рейтингіде бірінші тұрған Соболенко екінші орынға түседі. Елена Рыбакина бұған дейін «Үлкен Дулыға» турнирлерінің қатарына кіретін Wimbledon және Australian Open жарыстарында жеңіске жеткен еді. Енді Францияның ашық чемпионаты – Roland Garros-та жеңімпаз болса, Grand Slam-нің төртеуін де алған үздіктердің қатарына кіреді. Еленаны Президент құттықтаған: «Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз», – деген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы