Азаматтар үшін жұмыс іздеу уақыты 13 күнге ұзарады
Азаматтар үшін жұмыс іздеу уақыты 13 күнге ұзарады. Бұған дейін 2 күн ғана еді, одан кейін жұмыссыз ретінде тіркелетін. Енді 13 күн бойы Мансап орталығының мамандары азаматтың еңбек тәжірибесін, дағдылары мен қажеттіліктерін егжей-тегжейлі анықтап, бейінін байқап, лайықты бос жұмыс орындарын іріктейді. Қажет болған жағдайда жұмыс берушімен байланысады. Осылайша, жұмысқа орналасқанға дейін сүйемелдейді. Бұл пилоттық жоба 1 қазаннан бастап барлық өңірде жүзеге аспақ.
Мұхтар Төлеу, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры:
Бұл азаматтарға лайықты жұмысты табуға кеңінен мүмкіндік беру үшін жасалып отыр. Пилоттық кезеңде Мансап орталықтары, әлеуметтік сақтандыру қорының жергілікті филиалдарының қызметкерлері жаңа өзгерістерді қалай жүзеге асырады, сол тетіктерді түсіндіру, оларды оқыту бойынша жұмыс жасалады.
Демек, пилоттық кезеңде Мансап орталықтарының мамандары да жаңа жүйеге бейімделіп, азаматтарға өз мүмкіндігіне сай лайықты жұмыс орнын тез табуға дағдыланады. Сондықтан жаңа жылдан бастап яғни пилоттық кезең аяқталған соң жұмыссыздарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі 6 айдан 3 айға қысқарады. Осылайша екі жақты әрекет – азаматтарды тез жұмысқа орналасуға ынталандырады.
Мұхтар Төлеу, ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры:
Ал енді әлеметтік төлемдерді төлеудің мерзіміне байланысты өзгерістер ол заңнамаға сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы