Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
Қазақстан делегациясы Париждегі Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр.Фран ция Президенті Эммануэль Макронның бастамасымен өтіп жатқан ауқымды шарада әлемнің 120-ға жуық елінен келген делегациясы бар. Саммитке еліміздің атынан Премьер-Министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қатысып жатыр. Жиын аясында шетелдік әріптестерімен ғарыш саласындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейту мақсатында кездесу өтеді. Өйткені, еліміз бұл саланы дамытуға басымдық беріп отыр.
Қазір Орбитада үш қазақстандық спутник жұмыс істейді. Олар Жерді қашықтан бақылауға мүмкіндік береді. Осы ретте еліміз 2030 жылға қарай халықаралық спутниктік топ құруды жоспарлап отыр. Оның құрамына алты отандық спутникпен бірге Моңғолия, Конго Республикасы және Нигерияның аппараттары кіреді. Алғашқы кезеңде тоғыз спутник болады. Кейін олардың санын 14-ке дейін жеткізу көзделген. Жалпы халықаралық саммитте орбиталардың шамадан тыс жүктелуі және ғарышты бейбіт әрі жауапты пайдалану бағыттарына назар аударылып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы