Басты Жаңалықтар Жетісу облысында 42 шақырым жол жаңарды

Жетісу облысында 42 шақырым жол жаңарды

Жетісу облысындағы Үштөбе-Талдықорған тас жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді. Орташа жөндеу дегенімен 42 шақырым жолға асфальт жаңадан төселді. Тағы бір атап өтетін жайт бұл жолдың құрылысы жоспар бойынша 2027 жылы аяқталуы тиіс еді. Мамыр айында білек сыбана кіріскен мердігерлер нысанды мерзімнен бұрын тапсырып отыр. Тақырыпты  Әріптесім Нұрдәулет Сыдық тарқатады

Талдықорған мен Үштөбе арасында тәулігіне 8 мың көлік қатынайды. Жаңарған жол алдымен осы бағытта жүретін жүргізушілердің көңілінен шығып отыр. Олар 15 жылдай жөндеу көрмеген тас жолдың жылдам салынып біткеніне дән риза.

Жөндеу жұмыстарына облыс бюджетінен 6 млрд теңге қаржы бөлінді. 42 шақырымның 27 шақырымына екі қабат, 15 шақырымына бір қабат асфальт төселді. 90 адам, 50 шақты техника тартылды.

Бақыт Жанәділов, құрылыс алаңының басшысы:

Бізде ерте бітірген себебіміз, спецтехника, техника бәрі өзіміздікі. Өзіміздің асфальт зауытымыз тұр. Дробилкаларымыз тұр. Карьер бар өзімізде.

Жол пайдалануға берілді. Ендігі кезекте жол белгілерін орнатып, бағыт-бағдарды көрсететін жолақтарды салу жұмыстары қалды. Жаңа жолда қозғалыс қауіпсздігі мен жолаушылар қолайлығын қамтамасыз ету мақсатында төрт бағдаршам мен төрт аялдама қосымша орнатылды. Жұмыстың кепілдік мерзімі де бар.

Ғалымжан Дәрібаев, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Мердігер мекемеге кепілдік беру мерзімі бес жылға беріледі. Бес жылда жолда ақау болған жағдайда мердігер мекеме өз есебінен тегін сол ақаулардың жөндеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Жолдың сапасын құрылыс барысында да, жұмыс аяқталғаннан кейін де арнайы мамандар тексеріп, қабылдап алатын болады.

Бөлісу