Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
Жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы 2021 жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмендеді. Ары қарай да энергия ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы жұмыстар күшейе түспек. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Жалпы энергияны ең көп тұтынатын 106 кәсіпорынның тізімі жасалды. 5 жыл сайын компанияларға аудит жүргізіледі, олар энергия үнемдеу бойынша нақты жоспар әзірлеуі тиіс. Оның жүзеге асуы, кәсіпорындардың энерготұтыну көрсеткіші арнайы ақпараттық жүйе арқылы бақыланады. Соңғы жүргізілген аудит нәтижесінде кәсіпорындардың 2014 жылдан бері 51,44 млрд теңге үнемдегені анықталды. Белгіленген индикаторға қол жеткізбеген мекемелерге 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Олжас Әлібеков, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өнеркәсіп комитетінің
төраға орынбасары:
Энергия тиімділігі саласындағы талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту. Осылайша ірі тұтынушылардың жауапкершілігін арттыруға және энергия тұтынуды, оның ішінде бюджеттік секторды қысқартуға ықпал етуі тиіс. Егер осы элементтердің бәрін бір жүйееге біріктіретін болсақ, мемлекеттік бақылауы талаптарының сақталуын және көрсеткішке қолжеткізуін қамтамасыз етеді.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17
Қазақстандық саперлер 2 мыңнан аса оқ-дәріні жойды
10.09.2026, 17:15