Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
Экологиялық заңнамаға сәйкес енді қалдықтар көмілмейді, қайта өңделеді. Бұл ретте Мемлекет басшысының тікелей тарсырмасымен ірі қалаларда алдын-ала қоқыс өңдеу зауыттарын салу және қалдықтарды кәдеге жарату жүйесін дамыту қолға алынған еді. Соған сәйкес «Жасыл даму» акционерлік қоғамы өңірлер ұсынған 67 жобаны мақұлдаған. Оның 43-і қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған. Мәселен Павлодар қаласында макулатураны қайта өңдеп, қағаз және картон шығаратын кәсіпорын салынып жатыр. Келер жылы іске қосылады. Жобаның құны 16 млрд. 726 млн. теңге. Бұл қаржы кәсіпкерге 3% өсіммен утилизациялық алым есебінен берілді. Оның үстіне Павлодардағы зауыт арнайы экономикалық аумақта салынып жатқандықтан салықты жеңілдетілген мөлшерде төлейді.
Гүлнар Қайдарова, кәсіпорынның бас
директоры:
Осы зауыт ашылған соң 250 дей адам жұмыс істейді. 75 мың тонна макулатураны өндіреміз. 60 мың тоннадай жаңа қағазбен картон шығарамыз. Экологиялық өте маңызды біздің құрылысымыз.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14