Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
Қазақстанда алғаш рет микрохирургия мектебі ашылды. Бұл жер мамандардың біліктілігін арттырады. Ауыр жарақат алған адамға аяқ-қолынан айырылмай, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді. Бұл мүгедектіктің алдын алуға бағытталған маңызды қадам.
Мекеме Қазақтан мен Қытай медицинасының әріптестігі негізінде ашылды. Іс-шарада
Қытайдың Чжэнчжоу қаласындағы «Жэньцзи»
ауруханасының директоры Хоу Цзяньси арнайы дәріс оқыды. Ол микрохирургия
және микронейрохирургия саласындағы заманауи тәсілдер мен халықаралық
тәжірибеге тоқталып, мамандармен кәсіби пікір алмасты. «Yasargil» мектебі
Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының базасында ашылды.
Ауқымды шара ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Ұлттық ғылыми травматология және
ортопедия орталығының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
аясында өтті.
Чжао Дэжэн, «Женьцзи» ауруханасының дәрігері:
Біздің Қытай еліндегі операцияның ерекшелігі сол, адамның саусағы жоқ болса, біз сол саусақты да қалпына келтіріп береміз. Мұндай ота түрі Қазақстанда әлі жоқ. Сондықтан біз Қазақстандық әріптестерімізбен тәжірибе алмасуға дайынбыз.
Әділ Әбдікерімұлы, Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және
ортопедия орталығының дәрігері:
Бір науқастың саусағы түсіп қалған. Екі үш күннен кейін ол қарайып, кесіп тастады. Содан кейін қайтып келді. Оған саусақ қажет болған. Сондықтан оның аяғының саусағын көшіріп, қолына жалғап, қолының саусағы ұқсатып жасап бердік. Менің ойымша, біздің Мемлекетке Қазақстан еліне микрохирург, қазір дүниежүзі қатты дамып жатқан кезде өте керек.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14