Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
- Астанадан 200 бозбала шекара қызметіне аттанды. Күзгі әскери шақырылым аясында борышын өтейтіндерді шығарып салу мақсатында «Ел қорғау – ерлердің ісі!» әскери-патриоттық акциясы өтті. Шараға Қарулы күштер Бас штабының өкілдері, Шекара қызметінің басшылығы, ардагерлері және 700-ден астам оқушы қатысты. Биыл республика бойынша Шекара қызметіне 3000 азамат шақырылған. Олар бір жыл бойы 13 мың шақырымға созылып жатқан аумақты қорғайды. Мамандардың айтуынша, бүгінде Шекара қызметінде келісімшарт бойынша қалатын сарбаздардың саны едәуір артқан.
- Эльдар Қабатаев, ҰҚК шекара қызметі тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыс департаменті жинақтау басқармасы бастығының орынбасары:
Жыл сайын келісімшарт бойынша қалатын сарбаздар саны артып келеді. Бастапқы жылдары 100 адам көлемінде болса, соңғы жылы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша, 465 адам қалды. Биыл одан да жоғары көрсеткішке жетеміз деген үміт бар.
Дамир Қутайлақов, әскерге шақырылған азаматы:Жасым 18-де. Шекара қызметіне көп адамның мүмкіндігі бола бермейді. Мен үшін бұл – мақтаныш. Шекараны көргім келеді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Білім бе, бизнес пе? Репетиторлық орталықтарды кім бақылайды?
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54