Ақтөбеде қоғамдық орындарды ластағандар жауапқа тартылды
Ақтөбеде қоғамдық орындарды ластаған тұрғындар бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып жатыр. Биылдыққа 1171 дерек тіркелген. Оның 47-сі кәсіпкерлерге қатысты. Ал талапты бірнеше рет бұзған 35 адам 40 сағатқа, тағы сегізі 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды. Полицейлердің айтуынша, бейнебақылау камералары қоғамдық тәртіпті бақылаумен қатар, құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтауға көмектеседі.
Аулалар мен ортақ қолданыстағы аумақтарды күтіп ұстау талаптарын бұзғандар да құқық қорғаушылардың назарынан тыс қалмайды. Кінәлі адамдар заң аясында жауапкершілікке тартылды.
Нұргүл Жолдыбаева, ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы, үгіт-насихат тобының аға инспекторы:
Жыл басынан бері абаттандыру талаптарын бұзғандарға қатысты 6215 әкімшілік хаттама толтырылып, 6 мыңнан астам адамға ескерту жасалды. Сонымен қатар талаптарды орындамаған 14 кәсіпкерге 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл – жай ғана статистика емес, қаладағы тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы нақты жұмыстың нәтижесі.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14