Филиппин аралдарында паром өртеніп, 87 адам жоғалып кетті
Бүгін Филиппин аралдарының батысында жолаушылар паромы өртеніп, 5 адам қаза тапты. 87-сі жоғалып кеткен. Қазір іздеу операциялары жалғасып жатыр. Әзірге 42 адам құтқарылған. Олар шағын қайықтармен жағалауға жеткізілді.
Теңіз сақшылары баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бортта шетелдіктердің болғаны туралы ақпарат түскен жоқ. Сонымен қатар оттың неден тұтанғаны әзірге беймәлім болып отыр.
Филиппин архипелагында
паромдар үйреншікті тасымалдау құралы. Дегенмен елдің шалғайдағы
провинцияларында мұндай су көліктері тозудан, жолаушыны тым көп алудан және
дауылдардан кейде аударылып тұрады. 1987 жылы осындай паромдардың бірі отын
танкерімен соқтығысып, 4300-ден астам адам опат болды.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14