Жылжымайтын мүлік мәмілесіне жаңа талап енгізілді
Енді үйді сатып алу, сату, сыйға тарту немесе кепілге қою келісімін кез келген нотариуста бекітуге болмайды. Жаңа талап бойынша мәміле мүлік орналасқан аумақтағы нотариуста рәсімделуі керек. Мысалы, пәтер Астанада болса келісім елордадағы нотариуста рәсімделеді. Ал үй Алматыда орналасса, сол шаһардағы мекеменің қызметіне жүгіну қажет. Бұл тәртіп 5 жыл бұрын пандемия кезінде алынып тасталған еді. Енді аумақтық қағида қайта күшіне енді. Мақсат – құжат айналымын реттеу және алаяқтық тәуекелдерін азайту. Өйткені жылжымайтын мүлікке қатысты түпнұсқа құжаттар енді нысан орналасқан өңірдегі нотариаттық жүйеде жинақталады. Ал үйдің иесі басқа қалада тұрса, баспанасы тұрған жерге арнайы барудың керегі жоқ. Ол өз қаласында өкіліне нотариалды сенімхат рәсімдеп, мәмілені сол адамның қатысуымен өткізе алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы