Басты Жаңалықтар Бизнес жобаларды қаржыландыру 3 есеге артпақ

Бизнес жобаларды қаржыландыру 3 есеге артпақ

Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру көлемі алдағы бір жарым жылда үш есеге ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов пен Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фарух Аль Марзукидің кездесуінде айтылды.

Басқосу барысында экономиканың нақты секторын дамыту, цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту, энергетика, көлік-логистика және мұнай-химия салаларындағы жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. Премьер-министр Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін атап өтті. ADCB Kazakhstan соңғы 15 жылда 100-ден астам бизнес бастамаға қаржылық қолдау көрсеткен. Оның 90 пайызы шағын және орта бизнес жобасына тиесілі. Айта кетейік, соңғы 20 жылда Біріккен Араб Әмірліктерінен елімізге тартылған инвестиция көлемі бас-аяғы 7 миллиард доллардан асты. Оның шамамен 3 миллиард доллары соңғы екі жарым жылда салынған. Қазірдің өзінде ADCB Kazakhstan қазақстандық жобаларға 2,5 триллион теңге көлемінде қаржы құйып отыр.


Бөлісу