Басты Жаңалықтар Президент қаржы нарығының дамуы туралы есепті тыңдады

Президент қаржы нарығының дамуы туралы есепті тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Кездесуде қаржы нарығының биылғы сегіз айдағы нәтижелері мен алдағы міндеттер талқыланды. Осы кезеңде банктердің активтері 75,6 триллион теңгеге жетіп, 6,9 пайызға өскен. Бизнеске берілген кредит көлемі 16 триллион теңгені құрады. Сонымен қатар реттеу шаралары нәтижесінде тұтынушылық несиенің өсімі баяулаған. Агенттік қаржы секторын цифрландыру бағытында жасанды интеллектке негізделген FinAI қадағалау платформасын іске қосты. Мемлекет басшысы қаржылық тұрақтылықты сақтау, экономиканың нақты секторын кредиттеуді арттыру және капитал мен сақтандыру нарығын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында капитал нарығын және сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламалары, сондай-ақ капитал нарығы туралы және сақтандыру нарығы туралы заң жобалары жаңа редакцияда әзірленді. Олар экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландыруды кеңейтуге, сақтандыру қорғанысын күшейтуге, цифрландыру және тәуекелге бағдарланған қадағалауды дамытуға бағытталған.


Бөлісу