Биыл «Самұрық-Қазына» 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын аяқтайды
Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады. Президенттің қабылдауында болған «Самұрық-Қазынаның» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов осылай деп есеп берді. Жалпы қор биыл 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын түйіндеуді жоспарлап отыр. Соның ішінде Мойынты – Қызылжар, Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл – Жетіген, Бейнеу – Маңғыстау теміржол учаскелерін жаңғырту, Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысы сияқты ауқымды жобалар бар. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
2027-2029 жж 21 трлн теңгеге 38 жоба орындалуы тиіс. Бұл жобалар энергетика, мұнай-газ, көлік және цифрлық инфрақұрылым салаларын қамтиды. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында да жобалар бар. Ел бойынша медициналық және әлеуметтік нысандар салынып жатыр.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14