Ел жаңалықтарына шолу
Орта дәліздегі транзит 55 пайызға артты
Биылғы 8 айда Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалы 22
пайызға, ал Шығыс–Батыс бағытындағы транзит 55 пайызға өскен. Бұл туралы Көлік
вице-министрі Жәнібек Тайжанов Батумиде өткен Грузия халықаралық теңіз
форумында айтты. Сондай-ақ халықаралық маршруттардың цифрлық картасын енгізу
бастамасы сөз болды. Жоба көлік инфрақұрылымы мен логистикалық тізбектерді
тиімді басқаруға мүмкіндік бермек.
Каспийдегі жолаушылар тасымалы жанданады
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізіндегі жолаушылар тасымалын қайта іске
қоспақ. Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Алим Байельдің айтуынша, Қазақстан
тарапы «Құрық-Баку-Құрық» бағыты бойынша паром қатынасын жандандыруды
ұсынған. Пандемия кезінде тоқтаған
қатынас қайта іске қосылса, екі ел арасындағы туристік алмасуға серпін
беріп, Орта дәліздің мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.
Қазақстан ең ірі алтын сатып алушылар бестігіне кірді
Қазақстан
мен Өзбекстан алтын қорын толықтыру бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің қатарына
енді. World Gold Council мәліметінше, қаңтар-шілде аралығында Қазақстан шамамен 29
тонна, ал Өзбекстан 40 тонна алтын сатып алған. Осы көрсеткішпен Өзбекстан әлемдегі ең ірі алтын сатып
алушылар арасында үшінші орынға жайғасса, Қазақстан да алғашқы бестікке енді.
Халықаралық резервтеріндегі алтынның үлесі қазір шамамен 75 пайызды құрайды. Ал
Өзбекстанда бұл көрсеткіш 87 пайызға жеткен.
Қазақстан жылқы басы бойынша Орталық Азияда алда
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемде төртінші орынға шықты. БҰҰ-ның Азық-түлік
және ауыл шаруашылығы ұйымының 2024 жылғы дерегіне сәйкес, елімізде 4,4 млн
жылқы бар. Осы көрсеткішпен Қазақстан Қытайды басып озып, Орталық Азиядағы көшбасшылығын
сақтап отыр. Әлемдік рейтингте Мексика 6,4 млн жылқымен бірінші орында. Одан
кейін тізімге Бразилия, Моңғолия жайғасқан. Орталық Азияда Қазақстаннан кейін
Қырғызстан бар.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда «Lotus clean day» шарасы өтті
09.09.2026, 17:38
Сыр бойындағы көне шаһарлардың «Алтын ордамен» байланысы зерттелуде
09.09.2026, 17:37
Зайсан көлінің жағасына балық зауытын сала бастады
09.09.2026, 17:35
Атырауда мал азығын дайындау науқаны аяқталып қалды
09.09.2026, 17:33
13,5 млн тонна астық жиналды
09.09.2026, 17:30
Жамбыл облысында бейімдеу бағдарламасы іске қосылды
09.09.2026, 17:25
СҚО-да жылжымалы дәріхана жұмыс істей бастады
09.09.2026, 17:22
Бангладешті қызылша жайлады
09.09.2026, 17:20