«Қызыл аймақтағы» ЖЭО 4 есе азайды
Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында энергетика және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Соның нәтижесінде соңғы екі жылда жағдайы ең күрделі жылу электр орталықтарының саны төрт есеге азайған. 2024 жылы «қызыл аймақта» 19 жылу электр орталығы болса, қазір олардың саны 5-ке дейін төмендеді. Бұл ретте электр станцияларындағы технологиялық ақауларда 32 пайызға азайған. Энергия тапшылығын азайту үшін жаңа қуат көздері іске қосылып жатыр. Биыл 2,6 ГВт жаңа генерация қуатын енгізу жоспарланған. Ал 2027 жылы тағы 845 МВт қуат қосылады. Сондай-ақ қазір жылу, су және су бұру жүйелерін жаңғыртуға бағытталған 700-ден астам жоба жүзеге асуда. Негізгі мақсат – халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда «Lotus clean day» шарасы өтті
09.09.2026, 17:38
Сыр бойындағы көне шаһарлардың «Алтын ордамен» байланысы зерттелуде
09.09.2026, 17:37
Зайсан көлінің жағасына балық зауытын сала бастады
09.09.2026, 17:35
Атырауда мал азығын дайындау науқаны аяқталып қалды
09.09.2026, 17:33
13,5 млн тонна астық жиналды
09.09.2026, 17:30
Жамбыл облысында бейімдеу бағдарламасы іске қосылды
09.09.2026, 17:25
СҚО-да жылжымалы дәріхана жұмыс істей бастады
09.09.2026, 17:22
Бангладешті қызылша жайлады
09.09.2026, 17:20