Қазақстанның статистикалық жүйесі жоғары бағаланды
Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесі халықаралық деңгейде жоғары бағаланды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы еліміздің ресми статистикасына тереңдетілген шолу жүргізіп, қорытынды есебін жариялады.
Ұйым сарапшыларының бағалауынша, қарастырылған бағыттардың басым бөлігінде Қазақстан статистикасы ұйымның озық саясаты мен тәжірибесіне толықтай дерлік сәйкес келеді. Бағалау барысында деректердің дәлдігі мен шынайылығы, халықаралық стандарттарға сәйкестігі, қамтылуы, өзектілігі және қолжетімділігі ескерілген. Қазақстанда статистиканы жаңғырту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Әкімшілік және басқа да баламалы деректерді пайдалану, цифрлық статистикалық тіркелімдерді енгізу және процестерді автоматтандыру қолға алынған. Ал жасанды интеллект технологияларын деректерді өңдеу, талдау және болжам жасау үшін қолдану жоспарланып отыр.Сонымен қатар, халықаралық ұйым мемлекеттік сектордың берешегі, кәсіпорындар статистикасы, экологиялық-экономикалық есеп және сыртқы сауда деректерін дамыту бойынша бірқатар ұсыныс та білдірген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы