Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов Бейжіңге барып, «Орталық Азия – Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кездесуіне қатысты. Жиында өңірлік қауіпсіздік, трансұлттық қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы және киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Сапар барысында Ержан Саденов Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунмен екіжақты кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасында «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қатар екі ел азаматтарының ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу жөнінде уағдаЛастыққа қол жеткізіЛді. Бұл азаматтарға тиісті рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы