Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын директорлар емес, жасанды интеллект бөліп береді. Елде ұстаздар арасында жұмысты әділ әрі тең бөлетін жүйе жасақталып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте айтты. «Қазір мәселен, бір педагогке 16 сағат беріледі, екіншісіне 24 сағат бөлінеді. Кей директорлардың әділетсіз шешімінің кесірінен педагогтердің арасында жиі дау шығатыны да жасырын емес»,-дейді ведомство басшысы. Жасанды интеллект оқушыларға да көмек бермек. Бұдан былай олар мектепке ауыр сөмке тасып жүрмейді. Барлық оқулық бір базаға салынып, электронды форматқа ауысады.
Жұлдыз Сүлейменова, Оқу-ағарту министрі:
Шынтуайтында бір де бір мұғалім директорға сағат үшін басыбайлы болмауы керек. Бұл менің принципиалды ұстанымым. Сондықтан да мұны шешетін тек қана цифрлықтехнологиялар, жасанды интеллект деп ойлаймын. Сондықтан Оқу-ағарту министрлігі қазір ЛМС деген жүйе бар орта білім жүйесін іске қосып жатыр. Жалпы оқу саласы түгел цифрландырылады.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14