Павлодарлық фермерлер чипсы картобын жинай бастады
Павлодарлық фермерлер чипсы жасайтын суперэлиталы картоп жинауға кірісті. Өнім бұрын Ресейге жөнелтілетін. Биылдан бастап Алматыда ашылған қытырлақ картоп шығаратын зауытқа өткізбек.
Хамза Оразбеков, облыстық а/ш
басқармасының басшысы:
Олар барлығы алдын ала келісімшартпен сол картопты өсірумен айналысады. Жаңа Алматы облысында істеп жатқан зауытпен келісіп, сол зауыт үшін арнайы өсіріп жатыр.
600 гектар алқапқа картоп салған шаруашылық өнімнің 20 пайызын чипсы
өндірісіне жібереді. Бұл шаруаны
Перезиденттің ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру керек деген тапсырмасынан
соң қолға алдық. Осы күзде 3 мың тонна өнімді қытырлақ чипсы жасайтын зауытқа
жөнелтеміз,-дейді шаруашылық басшысы.
Сергей Телинин, фермер:
Чипсы картобын өсіру мен сақтау талаптары әдеттегі картопқа қарағанда әлдеқайда ауыр. Мысалы, қарапайым картопты +4 градуста сақтасақ, мұны +8 градуста ұстаймыз. Негізі картоп қытырлақтарына суперэлиталық көкөніс ғана жарамды. Қанты аз, крахмалы көп болу керек. Бірақ нарықта сұранысқа ие өнім болғандықтан мемлекет тарапынан қолдау бар.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14