Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
Елімізде жыл сайын түрлі Халықаралық сайыстарға қатысып, ел намысын қорғап жүрген жастардың қатары артып келеді. Мәселен, Қарағанды облысында биыл 122 бала түрлі білім бәсекесінде 90-ға жуық жүлдеге ие болған. Білімге сенген заманда қапы қалмай, керісінше топ бастаған жастармен Жандос Бақытұлы тілдесіп қайтты.
Қарағандылық
Сырым Амантай жаңа оқу жылын жарқын жеңіспен бастады. 10-сынып оқушысы күні
кеше жасөспірімдер арасындағы Халықаралық олимпиададан 2-орынмен оралды.
Сербияның Копаоник кенінде
өткен бәсекеге әлемнің тек үздіктері ғана қатыса алады. Олимпиадаға жолдама алу
үшін құрлықтық бәсекеден құр қайтпау керек.
Сырым
Амантай, оқушы:
Еуропа олимпиадасы Болгарияда өтті. Олимпиададан алтын медаль алдым. Қазақстанға оралдым және де жасөспірімдер халықаралық олимпиадасына шақырылдым. Менің мақсатым - осы жылы қайтадан дайындалып, халықаралық олимпиадада 1-орын иеленіп, біздің президентпен кездесу.
Ал
Мұрагер мектеп-лицейінің дарындары археологиялық қазбаларды бір жүйеге
жинақтайтын арнайы сайт ойлап тапты. Бұл қазба жұмыстарын нақты дәлдікпен
жасауға мүмкіндік береді. Оқушылардың ерекше жұмысы Қытай астанасы Бейжіңде
өткен Халықаралық бәсекеде жоғары бағаланды. 30 елден келген 350-ден аса
команданың арасында жерлестеріміз 3-орын иеленді.
Ахмади Дәулетбек, оқушы:
Ол жерде бәсекелестік те күшті болды. Біз көптеген күшті жобамен келген мықты-мықты командаларды көрдік. Солармен тәжірибе алмастық және жаңа достар таптық. Мен қазір осы легомен жұмыс істеп құрастырамын, ал өскенде елге пайдасын тигізетін, елге қажет роботтарды құрастырғым келеді.
Былтыр
да қарағандылық жастар робототехникадан АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен Әлем
чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді.
Құндыз Мұхамеджан, облыстық Білім басқармасының бөлім
басшысы:
Біз халықаралық жетістіктердің оң динамикасын көріп отырмыз. Егер 2024-2025 оқу жылында Қарағанды облысынан халықаралық жарыстарға 84 оқушы қатысқан болса, оның 46-сы жүлдегер атанды.
Ал 2025-2026
оқу жылында халықаралық жарыстарға қатысқан оқушылардың саны 122-ге жетіп,
олардың 86-сы жүлделі орындарға ие болды.
Қазақстан – нағыз дарынды жастардың елі, дейді
Мемлекет басшысы. Расымен биыл қазақстандық оқушылар 44 халықаралық олимпиада
мен ғылыми сайысқа қатысып, мыңнан астам жүлдеге ие болды. Оның 200-ден астамы алтын.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12