БҰҰ әлем карталарын дәлірек көрсетуге бағытталған қарар қабылдады
БҰҰ Бас Ассамблеясы елдер мен құрлықтардың аумақтық көлемін дәлірек көрсететін карталарды әзірлеу туралы қарар қабылдады. Қарарды 164 мемлекет қолдады, оның ішінде Қазақстан да бар. 6 мемлекет қалыс қалса, АҚШ қарсы дауыс берген жалғыз ел болды. Бұл бастама 1569 жылы жасалған Меркатор картасындағы аумақтық бұрмалануларға байланысты көтерілді. Мәселен, картада Африка мен Гренландия көлемі шамалас болып көрінгенімен, шын мәнінде Африка Гренландиядан шамамен 14 есе үлкен. БҰҰ Equal Earth сияқты карталарды білім беру және географиялық аумақтарды салыстыру кезінде кеңінен қолдануды ұсынады. Сонымен қатар бұл қарар барлық мемлекет үшін бірдей міндетті талап болып саналмайды. Меркатор картасы навигация саласында қолданыла береді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14