АҚШ-тағы ұшақ апатынан 5 адам қаза тапты
АҚШ-тың Майами қаласының халықаралық әуежайында Amazon Air компаниясының жүк таситын ұшағы апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты. Тағы бесеуі жараланған. Олардың үшеуі хал үстінде жатыр.
Пуэрто-Рикодан жеткен әуе машинасы ұшу-қону алаңынан шығып кетіп, өртеніп кеткен. Оқиғадан кейін әуежай уақытша жабылып, көптеген рейстер доғарылды немесе кешікті. Арада біршама уақыт өткеннен кейін авиациялық порт жұмысын қайта жандандырған.
Трагедияның нақты себебі белгісіз. АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі апатты тергеп жатқанын және оқиға орнына мамандарын жібергенін мәлімдеп отыр.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14