Президент Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады. Кездесу барысында Президент министрлік қызметінің басым бағыттарын айқындап, бірқатар нақты міндет қойды. Мәселен, мәдениет пен креативті индустрияны одан әрі дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттау жұмыстарын күшейту тапсырылды. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Президент отандық ақпарат кеңістігін жандандыруға, соның ішінде заң жобалау жұмысын заманауи цифрлық тәуекелдерді ескере отырып жетілдіруге күш салу қажет деп санайды. Бұдан бөлек қоғамдық келісім, жастар мәселесі бойынша да міндеттер жүктелді.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14