Жетісу облысында өрт сөндіру бекеттері ашылды
Жетісу облысы Кербұлақ ауданында өрт сөндіру бекеттері ашылды. Алтынемел мен Жоламан ауылдарының өрт сөндірушілері енді іргелес жатқан елді мекендердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тілсіз жауды ауыздықтауға қажетті құрал-жабдықтың барлығы бар. Қос нысанның құрылысы биыл сәуір айында басталған. Оларға жергілікті бюджеттен 50 млн теңге бөлінді. Жыл басынан бері Жетісу облысында 10 өрт сөндіру станциясы салынды. Тағы 10 нысан бой көтереді.
Бақберген Сәрсенбеков, ауыл тұрғыны:
Біздің ауыл егіншілікпен көп айналысқаннан кейін, оның үстіне алқабымыз кең, аудандағы ең ірі жазық дала болып саналғаннан кейін желді болады. Желді болғанда, өрт болса, қаупі ауқымды болып кетеді. Өрт сөндіру бекеті ашылғанына өте қуаныштымыз.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54