Ел жаңалықтарына шолу
Балабақшаға тұру кезегі 85%-ға дейін қысқарды
Елде балабақшаға тұру кезегі 85%-ға дейін қысқарды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі айтты. Мұндай көрсеткішке ваучерлік қаржыландырудың арқасында жеттік, дейді ведомство өкілдері. Жаңа механизм іске қосылғаннан кейін кезекте тұрған 2-6 жастағы балалардың тізімі 160 мыңнан 23 мыңға дейін азайған.
Балалардың қауіпсіздігі басты назарда
Мектептерде 283 мың камера жұмыс істейді. Білім ордасының ішіндегі қауіпсіздік қана емес, балалардың мектепке дейін жолы, аман-есен барып келуі де ерекше назарда. Ішкі істер министрлігі білім ошақтарының маңындағы жол инфрақұрылымына 9500 дей сараптама өткізген. Нәтижесінде 4 мыңнан астам ескерту жасалып, жауаптылар бүгінде оның 3 жарым мыңдайын түзетіп үлгерді. Қосымша 5 мыңға жуық жол белгісі қойылды. Мұның бәрі «Заң және тәртіп» қағидатының аясында қолға алынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы