Ресейде бабалар рухына тағзым етілді
Ресейде Жамбыл Жабаев пен Бауыржан Момышұлы оқулары өтті. Жергілікті қандастар, оқушылар бабаларымыздың ескерткіштеріне де гүл шоқтарын қойып, рұхына тағзым етті. Салтанатты рәсім барысында бірнеше кітап жергілікті мектептерге таратылды. Толығырақ тілші тарқатады.
Бүгінде Ресейдің 12 қаласында Жамбыл Жабаевтың атына көше берілген. Түрлі ұлт өкілдері ақынның жырларын түрік, әзербайжан, француз, орыс тілдерінде оқыды. Сонымен қатар, ақынға арналған көрме ашылды.
Талғат Мықтыбаев, Қазақ мәдени автономиясының өкілі:
Біз Жамбыл Жабаевтың өнегелі өмірін, шығармашылығын үнемі талқылаймыз. Алайда жергілікті қазақтар көбірек білгісі келеді. Меніңше, жастардың бойында бабаларымызға деген құрметті қалыптастыруымыз керек. Сондықтан осындай шараларды жиі өткізіп тұру көзделуде.
Сондай-ақ Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына арналған тарихи-танымдық жиын өтті. Онда оқушылар батырға арнап жыр оқып, мұражайға кітатптары тарту етілді.
Андрей Курсаков, Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің директоры:
Бауыржан Момышұлының барлық суреттерін, кітаптарды Бауыржан Момышұлының барлық суреттерін, кітаптарды 3 Д форматына ауыстыру жоспарланған. Бірнеше жыл бойы құнды жәдігерлерді жинадық. Қыркүйек айына дейін мұражай сандық форматқа ауыстырылады.
Бабаларымызға арналған шаралар Ресейдің Екатеринбург қаласында да жалғасын тапты. Ал Мәскеуде Бауыржан Момышұлының бюсті күрделі жөндеуден өткізілмек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы