«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол құрылысы қарқынды жүргізілуде
Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жаңадан салынып жатқан «Дарбаза-Мақтаарал» темір жол желісінің құрылысы қызу жүріп жатыр. Бес ауданнан өтетін шойын жол Өзбекстанға дейін жалғасып, алыс жақын шетелдерге тауар тасымалдауға жол ашады. Қазір бізбен осы өңірдегі тілшіміз Айнұр Әбілқасымқызы тікелей байланыста тұр. Айнұр Қазақстан маңызы зор жобаның жүзеге асырылу барысы жайлы айтсаңыз.
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
Иә, еліміз үшін стратегиялық маңыз зор «Дарбаза-Мақтаарал» темір жолын салушылар да бүгінгі Құрылтай сайлауынан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады. Бізде саяси маңызы зор оқығаны әлеуметттік желі арқылы бақылап отырмыз. Ал, мұндағы құрылысқа келетін болсақ, «Дарбаза-Мақтаарал» темір жолын салушылар сайлау күні де тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Бұл магистралдің ұзындығы 127 шақырым. Түркістан облысындағы Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай, Мақтаарал аудандары арқылы өтетін жол жыл соңында тапсырылады деп жоспарланып отыр. «Дарбаза – Мақтаарал» темір жолы еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып, Өзбекстан арқылы Иран, Ауғаныстан, Ирак сияқты елдерге жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мыңдаған жұмыс орындары ашылып, бес ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Қазір менің жанымда құрылысқа жауапты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Дарбаза-Мақтаарал» басқармармасының бас менеджері Мұхтарбай Битеміров тұр. Мұхтарбай мырза, теміржол бойында қандай нысандар салынады? Қазір құрылыс қай сатыда?
Мұхтарбай Битеміров, «Қазақстан теміржолы» ҰК АҚ «Дарбаза-мақтаарал» басқармасының бас менеджері:
Құрылысының бойында 3 станция, 2 разъезд бой түзеп, 33 көпір және 129 темірбетонды су өткізгіш құбырлары салынатын болады.
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
Рақмет, сұхбатыңызға! Бүгінде құрылыс басында мың бес жүзден астам адам жұмыс істеп жүр. 911 техника жұмылдырылған. Ал, жобаның бір бөлігі - Сырдария өзенінің үстінен салынған ұзындығы 500 метр болатын үлкен көпірдің құрылысы аяқталды.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Exit Рoll өкілі: Халықтың белсенділігі жоғары
23.08.2026, 14:16
ОСК азаматтардың белсенділігі бойынша ақпарат жариялады
23.08.2026, 14:14
Қазақстан әлемдегі бақытты елдер рейтингінде 33-орында
23.08.2026, 14:10
Маңғыстауда 267 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр
23.08.2026, 14:08
Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 14:08
Смағұл Елубай: Әр азамат өз болашағы үшін жауапкершілік танытуы керек
23.08.2026, 14:06
Жалпыұлттық онлайн-марафон 38 Уoutube-арнада көрсетіліп жатыр
23.08.2026, 14:05
«Ақ жол» партиясының төрағасы дауыс берді
23.08.2026, 14:04