Елдегі 72 теміржол вокзалы жаңартылды
- Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ел аумағында 124 теміржол вокзалын реконструкциялау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде 17 облыстағы 72 вокзалда жөндеу жұмыстары аяқталды. Тамыз айының соңына дейін тағы 34 вокзалды, ал қыркүйек айының соңына дейін 15 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал Астана, Алматы және Түркістан вокзалдары 2027 жылы аяқталмақ. Ауқымды жоба барысында вокзал ғимараттары мен инженерлік желілер жаңартылып, платформалар мен вокзал маңы жөнделеді. Күту залдары кеңейтіледі. Ал әбден тозған нысандар бұзылып, орнына жаңа кешендер салынады.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15